УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

Құқық бұзушылық және оның алдын алу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

2021-2022 оқу жылы наурыз айында құқық бұзушылық және оның алдын алу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Мақсаты:

Студенттерге әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Қазіргі қоғам талабына сай салауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеп, зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту.

Жиналыстың барысы:

1) Құқық бұзушылық және адам денсаулығына зиян келтіретін жаман қылықтардан аулақ болу туралы,құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің төрайымы Б.Ш.Казизова сөз алды.Өз сөзінде құқықбұзушылық пен жаман қылықтардан аулақ болуды,тәрбиенің барлығы, студенттеріміздің бойына жақсы қасиеттерді сіңіру болып табылады. Екінші сөз кезегі колледж психологы А.Ө Өмірхановаға берілді.Қазіргі белең алып отырған электронды темекі туралы айтты."Вэйпинг" ұғымы ағылшын тілінен шыққан. "vape", аударғанда "буды жұту және шығару" деген мағынаны білдіреді.Вэйп немесе электронды темекі -денсаулыққа зиян келтіретін темекі шегу процесін модельдеуге арналған құрылғы.Сонымен қатар оның зияндары туралы айтып, бейнематериал көрсетілді.

Үшінші кезекте колледж мед сестрасы: Жанна Бағдатовнаға берілді.Өз сөзінде электронды темекінің зияны туралы баяндамасын оқыды. Сонымен қатар видеоматериал көрсетілді. Төртінші кезекте директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Е.Кабдоллановаға сөз берілді.Өз сөзінде осы электронды темекімен айналысып жүрген біздің студенттеріміз бар екендігін алға тартып,егер де келесі жолы электронды темекімен ұсталған жағдайда, колледж инспекторларын шақыратын болатындығымызды ескертті.

Фотография 1 Фотография 2

Фотография 1 Фотография 1

Фотография 1 Фотография 1

 14 марта 2022